
Бұл мұғалімге әр баламен және бүкіл сыныппен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біз педагогтар үшін мектеп жұмысын басқа да көптеген оқу орындарына қарағанда, мағынасыз бюрократиялық жұмыстардан барынша құтылатындай етіп ұйымдастырдық.
Демек, бізде оқушының жұмысы кездейсоқ, бала назарсыз қалатын және т.б. жағдайдың болуы мүмкін емес.
Мұғалімнің қадағалауымен үй тапсырмасын балалар мектеп қабырғасында орындайды
Бұл жағдайда балаларға өз пәні бойынша жеткілікті құзыреттілігі бар және үй тапсырмасын орындауға көмектесіп қана қоймай, оның орындалу сапасын бақылауды қамтамасыз ететін пән мұғалімдерінің көмектесуі өте маңызды.
Балаларға 3 мезгіл адал ас қарастырылған
Мектеп асханасында күніне 3 рет дәмді де құнарлы тамақ беріледі.
Мектепке телефон әкелуге рұқсат етілмейді. Бұл білім алушының «телефонда отырудың» орнына, басқа балалармен сабақтарға және білім беру ойындарына назар аударуын қамтамасыз етеді.
Қажет болған жағдайда ата-ана баламен сынып жетекшісі арқылы байланыс орната алады.
Сыртқы периметрдің қауіпсіздігін бейнебақылау камералары, дабыл жүйесі және дүрбелең түймесі қамтамасыз етеді.
Мектеп ішінде балалардың қауіпсіздігін мұғалімдер бақылайды, сонымен қатар балалардың денсаулығының қауіпсіздігін арнайы жабдықталған кабинетте күн сайынғы кезекші медбике қамтамасыз етеді.
Оқушылар мектепке «портфелсіз» келеді.Оқуға қажеттінің барлығын (кеңсе тауарлары мен оқулықтар) оқушылардың жеке сөресінде қалады
Мысалы қызығушылығы бойынша ұйірмелер: арт рум (қол өнер), English club (ағылшын тілі) , араб тілі, орыс тілі, шахмат, әдептілік, шешендік өнер, би, джиу-джитсу т.б.
Сол себепті үй тапсырмасы орындалған соң осы жерде қызығушылығы бойынша үйірмелерге қатыса алады.